Қорғаныс министрлігі Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін тексеріледі – Тоқаев өкімге қол қойды
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Құжаттың мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.
"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылсын", – делінген құжатта.
Комиссия құрамына:
Аида Балаева – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;
Әлихан Смайылов – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;
Ержан Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
Жанат Элиманов – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
Мұрат Баймұқашев – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы;
Мәди Тәкиев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Жандос Өмірәлиев – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары;
Әли Алтынбаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;
Азамат Әмрин – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі кірді.
"Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде баяндасын", – делінген Президент қол қойған құжатта.
Өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.