Қазақстанда түнде ауа температурасы -3°С-қа дейін төмендейді
Сурет: unsplash
Болжамға сәйкес, түнде үсік жүреді:
-2-3°С-қа дейін – Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде, Абай облысының батысы мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында;
-1°С-қа дейін – Қарағанды облысының шығысында.
"Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның сілеміне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, күндіз оңтүстікте шаңды дауыл болады. Ел аумағында түнде және таңертең тұман күтіледі", – деді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады:
жоғары өрт қаупі – Атырау, Павлодар облыстарында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, шығысы мен оңтүстігінде, Абай облысының солтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен орталығында, Ақмола облысының батысы, шығысы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының шығысында, Алматы облысының шығысында;
төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында, Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі мен шығысында.