Қазақстанда балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамаған 8 мың ата-ана есепке қойылды

Сурет: polisia.kz
ІІМ "Тұрмыс" республикалық іс-шарасы барысында өз балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамайтын 8 мың ата-ана есепке қойылғанын хабарлады. Оның ішінде мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

201 факті бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ата-ана құқығынан айыруға материалдар жіберілді.

Мысалы, Петропавлда жас ана емханаға шақырылған уақытта баласын алып келмей жүргені туралы дәрігерден хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде ананың ішімдік ішкені, нәрестенің шұғыл көмекке мұқтаж екені белгілі болды. Полиция баланы нәрестелер үйіне орналастырып, ал анасын нарколог дәрігердің есебіне қойды және әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сот шешімі бойынша алкоголизммен ауыратын 206 адам наркологиялық ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызылды. Жүктелген міндеттерден қасақана жалтарғаны үшін сотталған 101 адамға қатысты, соттарға жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы ұсынымдар жіберілді. 34 шартты түрде мерзімінен бұрын босаған адамға қатысты өтініш қанағаттандырылып, бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.

Бұрын сотталған 91 адамға қатысты қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзғаны үшін соттар ішкі істер органдарының өтінішхаты бойынша әкімшілік қадағалау белгіленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі