Аяз -17 градусқа дейін төмендейді: Астана, Алматы және Шымкентке арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнде – 3-5 ақпаны аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлады Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде -17°C аяз, тұман түсіп, жел күшейеді.

Астанада

3 ақпан көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде -15-17°C, күндіз -5-7°С;

4 ақпан көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 9-14, 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде -7-9°C, күндіз -3-5°С;

5 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 9-14,15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз -1-3°С.

Алматыда

3 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12°C, күндіз -1-3°С;

4 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°C, күндіз 0-2°C;

5 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз 0-2°С.

Шымкентте

3 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -8-10°C, күндіз +3+5°C;

4 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа бұрылатын жел екпіні 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз 0+2°C;

5 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз +4+6°C.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: