Сәтбаевта "жауған" қара қар: Kazakhmys мәлімдеме жасады

Сурет: kazakhmys.kz
Kazakhmys Distribution Сәтбаевта "жауған" қара қарға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірқатар БАҚ 2024 жылғы 31 қаңтарда Сәтбаев қаласында ластанған қар түріндегі жауын-шашын түскені туралы ақпарат таратып жатыр.  Бұл іс-шара жылуды, электр энергиясын, сумен жабдықтау және канализацияны өндіру, тасымалдау, бөлу және жабдықтау саласында қызмет көрсететін Kazakhmys Distribution ЖШС қызметімен байланысты. Айтуларынша, кәсіпорын қолданып жүрген тазарту қондырғылары ескірген, дұрыс жұмыс істемейді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткіземіз", - делінген хабарламады.

Компанияның мәліметінше, Сәтбаев қаласының шетінде орналасқан №1 жылу станциясы қаланы және оған жақын орналасқан өндірістік нысандарды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Оның үш ұйымдасқан шығарындылар көзі бар:

Сонымен бірге хабарламада 2024 жылғы 31 қаңтарда Kazakhmys Distribution ЖШС ашық қоймасында көмір түсірілгені айтылған. Оңтүстік-батыстан соққан екпіні 20-25 м/с болатын күшті желдің салдарынан көмір шаңының көптеген ұсақ бөлшектері Сәтбаев қаласының аумағына қарай желмен ұшқан.

"Бұл табиғи форс-мажордың тазарту қондырғысының жұмысына еш қатысы жоқ. Күл жинау жұмыстары қалыпты режимде атқарылып жатыр. Айта кетерлігі, жылыту маусымына дайындық кезеңінде жыл сайын жөндеу жұмыстары, оның ішінде ыстық су және бу қазандықтарының күл жинау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі".Kazakhmys Distribution ЖШС
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз