Бұған бірнеше себеп бар. Негізгісі - наубайханаларға әкімдік тарапынан беріліп келген дотациялық ұнның ақпан айынан бастап тоқтауы.
Оның үстіне, нан шығаратын нысандардың әбден тозығы жеткен. Құрылғыларын жаңартып, құрылыс жұмыстарын жүргізбек.
Сондай-ақ кәсіпорындар 600-ге жуық жұмысшының жалақысын көтермекші, деп жазады qazaqstan.tv.
Айта кетейік, былтыр қарашада нан 120 теңгеге қымбаттап, артынша қайта 20 теңгеге түскен болатын.
"Егер де ұнның бағасы төмендеген жағдайда заң аясында монополия және сауда заңы аясында нарықта да нан бағасы төмендейтін болады. Сондықтан біз ерікті бағаны бүгінгі күнде көріп отырмыз." Аспандияр Сейсебаев, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы