Айбек Дәдебаев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Сурет: akorda.kz
Айбек Дәдебаев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Президенттің тиісті жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Айбек Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 

2001-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.

2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат төрағасының көмекшісі міндетін атқарушы болып еңбек еткен.

2011-2013 жылдар аралығында атташе, Женевада Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы болған.

Одан кейін алты жыл Парламент Сенаты төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

2019-2021 жылдар аралығында Президент Кеңсесі бастығының орынбасары болды.

2021 жылғы 28 мамырдан бастап 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Президент Іс Басқарушысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2022 жылғы қарашадан бастап ҚР Президентінің Іс Басқарушысы қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды