Үкіметті әйел басқаратын кез келді: Тамара Дүйсенова өз пікірін білдірді

Сурет: primeminister.kz
7 ақпанда үкімет отырысында вице-премьер Тамара Дүйсенова журналистердің Қазақстан үкіметін әйел адам басқаратын кез келді ме деген сауалына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тамара Дүйсенова мемлекеттік аппарат басшылығында әйелдердің өте аз екендігімен келісті.

"Мәселе әйел ме, ер адам ба емес, кәсіпқой болуы керек дегеннен шығайық. Менің ойымша, бізде өндірісте жұмыс істейтін, тұтас министрліктерді басқаратын жақсы қыз-келіншектер көп. Сіз бен біз жақсы жұмыс жасасақ, мемлекет басшысы назар аударатын шығар". Тамара Дүйсенова

Ол сондай-ақ үкіметтің отставкаға кетуі экс-премьер-министр Әлихан Смайыловтың бастамасы екенін айтты.

2024 жылдың 5 ақпанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. 6 ақпанда Олжас Бектенов жаңа премьер-министр болды. 7 ақпанда президент жаңа үкіметпен кеңейтілген кеңес өткізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін