"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде Астана мен еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Суық, үсік, ауа райы болжамы, 30 қыркүйек, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 21:39 Сурет: pixabay
30 қыркүйекте Астана мен еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 30 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 30 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында сынап бағаны 4 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 30 қыркүйекте түнде сынап бағаны 2-4 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 30 қыркүйекте күндіз солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 30 қыркүйекте түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 30 қыркүйекте таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 30 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 30 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада 30 қыркүйекте күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 30 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 30 қыркүйекте түнде кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 30 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Петропавлда 30 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі.

Түнде Қызылорда облысының шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 30 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 30 қыркүйекте түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі.

Бұған дейін метеорологтар Қазақстанда климаттың жылынуы бұрынғыдан қарағанда екі есе қарқынмен тез жүріп жатқанын айтып, соңғы 50 жылдық зерттеуді назарға ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: