"Қар жауып, үсік жүреді". Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қар, ауа райы болжамы, 17 сәуір, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2025 22:39 Сурет: unsplash
17 сәуірде еліміздің Астана мен еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында 1-3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі. Талдықорғанда түнде топырақ беті қатып, 2 градус үсік жүреді. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Семейде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстік-батысында 3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі. Көкшетауда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 23 м/с құрайды.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, шығысында 3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі. Қостанайда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада да шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі.

Астанада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 24 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус суық болып, үсік жүреді. Қарағандыда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады, күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында 17-20 сәуір аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілу қаупі күтіледі.  

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодарда да батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с және 25 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Шымкентте кешке найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың тау бөктерлі аудандары мен шығысында 1-3 градус аяз болып, үсік жүреді деп  күтіледі. Қонаевта да шығыстан жел соғады, кей уақытта соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ беті қатып, 1 градус үсік жүреді деп күтіледі.Таразда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Бұған дейін Түркістан облысында қар барысы көбейе түскенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: