Түркістан облысында қар барысы көбейе түсті

Түркістан облысында қар барысы көбейе түсті , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2025 12:40 Сурет: pixabay
Бүгінде Түркістан облысындағы табиғи паркті 11 қар барысы мекендейді. Шамамен бұдан 10 жыл бұрын елдің оңтүстігінде бұл жыртқыш мүлдем жоқтың қасы еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24KZ" мәліметіне сүйенсек, бұл мысықтұқымдас жыртқыштың көбеюі тұяқты жануарлар – тауешкі, қабан және елік популяциясының артуымен байланысты. Қазір барысты тек фототұзақтардан ғана емес, тікелей кездестіруге де болады.

"Бір бас екі рет есептелмес үшін екі ұйымның – Жабағылы ұлттық қорығы және Сайрам-Өгем ұлттық паркі қызметкерлері жыртқыштардың құйрықтарын назарға алып, мұқият зерттейді. Нақты деректерге сүйенсек: қазір облыс бойынша 11 қар барысы бар". Бақыт Мұсалиев, Түркістан облысы аумақтық инспекциясының жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы

Бұған дейін Румынияда ежелі тайпаның құнды жәдігерлері табылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: