Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қар барысы мекендейтін аумақ картаға түсірілді

қар барысы Сурет: pixabay
Қазақстанда қар барысы мекендейтін аумақ картаға түсірілді. Бұл үшін мамандар аңдарға GPS орнатылған қарғыбау таққан. Жобаны Жетісу облысындағы "Алтынемел" табиғи паркінің қызметкерлері мен зоология институтының ғалымдары іске асырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, қар барысына қарғыбау таққанның бірі – Нұрлан Молдахметов. 20 жылдық тәжірбиесі бар білікті маман ғалымдармен бірлесе ерекше жобаны жүзеге асырды. Жазыққа түскен аңды ұйықтатқан соң ол теңбілін санап, ат қойып, құжат бойынша жұмыстарын жүргізген.  

"Жасын анықтадық. Шамамен 3 жасар. Биіктігі, аяқтарының жуандығы, құйрығы, тісінің жуандығына дейін есептеп өлшедік. Содан бұның оянатын уақыты болған кезде қайтадан доза салып, инемен "Алтынемел" ұлттық табиғи паркінің аумағына жібердік. 15 минуттан кейін тұрып, жан-жағына қарап, таудың ішіне қарай өрлеп кетті". "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жедел топ бастығы Нұрлан Молдахметов

GPS қарғыбау 2 таутан және 1 аталық барысқа тағылды. Мамандар құрылғының көмегімен аңдардың күніне қанша шақырым жүретінін есептеген. Әрі миграциясы мен мекен ететін аумағын анықтап картаға түсірді. Жоба жер бетінен жойылуға шақ қалған жыртқыш жайлы толқыққанды зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

"3 қар барысы "Алтынемел" ұлттық паркі аумағынан шықпаған. Қазіргі таңда қыстап жатқаны – Жүзасу шатқалы. Шылбыр, тізгін, нақты тауешкінің мекен ететін жерінде тұрақтап қалды. 1 күнде қар барысы 18-21 шақырым аралығында жортып кезеді"."Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ғылым бөлімінің бастығы Марғұлан Мұсабеков
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: