Шығыс Қазақстанда қар барысы фототұзақты зақымдаған

Шығыс Қазақстанда қар барысы фототұзақты зақымдаған , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 16:56 Сурет: pexels
Қазақстанда қар барысы тауға орнатылған фототұзақты зақымдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Катонқарағай ұлттық паркінің мамандары мен инспекторлары ҚР Зоология институты мамандарымен бірлесіп, қар барысын зерттеу мақсатында далалық жұмыстар жүргізді.

Экспедиция барысында мамандар бұрын орнатылған фототұзақтарды тексеріп, жаңа фототұзақтар орнатты.

"Бұл құрылғылар – сирек кездесетін әрі аса сақ аңдардың тіршілігін бақылауда ең тиімді құралдардың бірі",- деп атап өтті мамандар.

Алайда, тексеру кезінде бұрын орнатылған фототұзақтардың бірін қар барысы зақымдағаны белгілі болды.

"Соның салдарынан құрылғы істен шығып, ішіндегі флеш-картадағы деректер сақталмай қалған".

Бұған дейін "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында қар барысы камераға іліккенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: