Жетісу облысында сирек кездесетін қар барысы камераға түсіп қалды

Жетісу облысында сирек кездесетін қар барысы камераға түсіп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2026 12:55 Сурет: бейнежазба скриншоты
2026 жылғы 18 сәуірде Жетісудағы ұлттық паркте мемлекеттік инспектор қар барысын (ілбіс) видеоға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ерекше оқиға тіркелді – парк қызметкері Ерлан Молдахметов кезекті аумақты бақылау кезінде қар барысын видеоға түсіріп үлгерді.

Қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жыртқыш аң, оның табиғи ортада еркін жүріп-тұруы экожүйенің тұрақтылығы мен қорғалуының маңызды көрсеткіші.

Ұлттық парк мамандары бұл видео табиғатты қорғау және биологиялық әртүрлілікті сақтау жұмыстарының нәтижелілігін айғақтайтындығын атап өтті.

Бұған дейін Алматы тауларының етегінен бірнеше рет бой көрсеткен қар барысы қайда кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: