Алматы тауларында ойнап жүрген аландар камераға түсіп қалды – сирек кездесетін кадрлар
Сурет: pixabay
Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы көңілді аландар фототұзаққа ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 26 ақпанда қорық қызметкерлері мәлімдеді.
"Сирек кездесетін бұл кадрлар – табиғаттың тылсым тіршілігінен сыр шертетін ерекше сәттер.Аландар бір-бірімен алаңсыз ойнап, анасының қимылын қайталап, аңшылыққа қажет дағдыларды үйренеді. Осы арқылы болашақта өз бетімен жеке тіршілік етуге бейімделеді",- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, мамандар ілбіс немесе қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, саны азайып бара жатқан жыртқыш екенін еске салды.
Бұған дейін Алматы тауларының етегінен бой көрсеткен қар барысы қайда кеткенін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript