Алматыда лай көшкінінің қайталану қаупі жоқ

Сурет: Алматының төтенше жағдайлар департаменті
8 ақпанда сағат 15:00-дегі жағдай бойынша комиссия зерттеу нәтижелері бойынша лай көшкінінің қайталану қауіп жоқ деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың бағалауы бойынша, 8 ақпанда 3000 текше метрден лай көшкіні болған. Сонымен қатар, жоғарыда 300-400 текше метр саз балшық массасы бар, ол қазіргі уақытта мамандардың күшімен тазартылып, қауіпсіз болу үшін төмен қарай сырғытылып жатыр.

Комиссия мүшелері болған оқиғаның себептерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Тергеу қорытындысы бойынша комиссия жұмысының нәтижелері туралы тиісті ақпарат беріледі.

Еске салайық, бүгін, 8 қаңтарда Алматының Медеу ауданында "Тау-Самал" ықшамауданындағы екі үйді лай басып қалды.

Оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылды, оның екеуі - бала. 

Ерболат Досаев лай көшкіні кезінде қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы