Түркістан облысында бір отбасы қар құрсауынан құтқарылды

Сурет: видео скрині
10 ақпанда түнгі уақытта Түркістан облысы Түлкібас ауданы Рысқұлов ауылынан 15 шақырым жерде бір автокөлік қар құрсауында тұрып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына дереу құтқарушылар жетті. Олар қар құрсауында кептеліп қалған техника мен ондағы адамдарды шығарып алды. Көлікте екі бала болған, оның біреуі – сегіз айлық сәби.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, медициналық көмек қажет болмаған. Тұрғындар ең жақын елді мекенге жеткізілген.

"Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS алған кезде алыс жолға шықпауды сұраймыз".Төтенше жағдайлар министрлігі


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз