Rixos Ақтау қонақүйіне Қаракөл көлін ластағаны үшін екі айыппұл салынды

Сурет: rixos.com
Ақтаудағы Rixos қонақүйіне екі айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экология департаменті су айдынын бірнеше рет ластағаны үшін қонақүйге Әкімшілік кодекстің 331-бабы 2-бөлігі бойынша – 1 846 000 теңге айыппұл салынғанын айтты, деп жазды lada.kz.

Екінші айыппұлдың сомасы – 232 663 теңге. Бұл айыппұл Әкімшілік кодекстің 328-бабына сәйкес, суға технологиялық қалдықтарды нормадан тыс тастағаны үшін салынған.

Ақпанның басында Қаракөл көлінде аққулар жаппай қырылып, Aktau Tourism Ltd. құбырындағы суға сынама жасалғаны белгілі болды. Ақтаудағы Rixos қонақүйіне қатысты екі әкімшілік іс қозғалды. Кейінірек Rixos Ақтау көлге апарып су төгетін құбырды демонтаж жасағанын хабарлады.

2023 жылғы желтоқсанда Маңғыстау облысында аққулардың жаппай қырылғаны белгілі болды, бастапқыда 30-ға жуық құстың қырылғаны хабарланған болатын.

25 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қаракөл мен Каспий теңізінің жағалауында қырылған құстардың саны  1200-ге жеткен.

Орнитолог сарапшы Виктория Ковшарьдың пайымдауынша, Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылуына құс тұмауы себеп болған.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты