Батыс Қазақстанда 26 адам коронавирус жұқтырған

Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысында 26 адам коронавирус жұқтырған. Оның 21 жағдайы қаңтар айында, бесеуі ақпанда тіркелді. Дертке шалдыққандардың 8-і аяғы ауыр әйел, 9-ы бала.

Дені ауруханаға жатып, ем алған. Облыста қызылша бойынша да эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, - дейді мамандар. Күні бүгінге дейін 255 адам ауру жұқтырған.

Олардың 90 пайызға жуығы қызылшаға қарсы екпе алмаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Аймақта ауру ошағы тіркелген алты мектеп пен үш балабақша анықталып, 21 күн ішінде байланыста болғандарға медициналық бақылау қойылды.

"Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы №2 қаулы күшіне енді. Соған сәйкес медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын, халықтың көп жиналатын жерлерінде, көліктің барлық түрлерінде медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға ұсыным беріледі." Мұхамғали Арыспаев, Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін