Атап айтар болсақ, Қараоба дәрігерлік амбулатоиясы күрделі жөндеуден өтсе, Қараөзен мен Бостандық ауылдарындағы медициналық нысандар жаңадан салынып, ел игілігіне берілді. Мұнымен қоса, Казталов ауданына 8 жедел-жәрдем автокөлігі берілсе, 761 млн. теңге қаражатқа 51 түрлі медициналық құралдар мен жабдықтар алынды.
Сондай-ақ Казталов аудандық ауруханасын 2024–2025 жылдары жапсарлас құрылыс жүргізіліп, көпбейінді орталық ауруханаға айналдыру жоспарлануда.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ауданға Семей, Түркістан, Ақтөбе, Орал, Ақсай қалаларынан және Жәнібек ауданынан келген 6 маман дәрігерді қызметтік тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатында жаңадан салынған 6 тұрғын үйдің кілтін табысталды.
Заманауи үлгідегі баспана құрылысы сапалы түрде аяқталып отыр. Іші жарық әрі жылы үйлерді жартылай жиһазбен қамтылған. Әр үйдің жеке жылыту, кәріз жүйесі бар.
Медицина саласының мамандарына баспаналардың кілтін табыс ету рәсіміне аудан әкімі, аудандық мәслихат, аурухана өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты. Шарада аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы мамандарды қоныс тойымен құттықтап, баспана кілттерін табыстады.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Қоныс тойын тойлап жатқан дәрігерлер қатарында Түркістан облысынан келген жас маман, балалар дәрігері Әділбек Қалдыбеков те бар. Жас маман жаңа үйіне бас сұққан аудан басшысына алғысын айтты.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
"Мен былтырғы жылы жұмыс бабымен Казталов ауданына Түркістан қаласынан жанұяммен бірке көшіп келдім. Келген уақытта баспана мәселесі қиын болып, пәтер жалдауға тура келді. Тұрған пәтеріміз салқын болып, балаларымызға қолайсыздық туғызды. Мәселені оңынан шешіп, жаңа үй салып берген, ауданға келген мамандарды қолдап жатқан басшыларға алғыс білдіремін. Алдағы уақытта аудан халқының денсаулығын жақсартуға аянбай жұмыстанатынын жеткізгім келеді." Әділбек Қалдыбеков, дәрігер
Қайрат Жақып