Павлодарда жылқының тебіні қиындады

Сурет: pixabay
Павлодар өңірінде күн күрт жылып, оның үстіне жаңбыр жауғандықтан дала көк мұзға айналды.

Қазір Ақтоғай ауданы мен Екібастұз қаласына қарасты аумақтарда тебіндей алмай ашыққан жылқының алды құлай бастаған.

Тайғанақтап жүре алмай қалған жануарларды иелері тіркемеге трактормен көтеріп тиеуге мәжбүр, деп жазады qazaqstan.tv.

Болжамға қарағанда, бүгіннен бастап аймақта күн күрт суытып, боран соғады. Сондықтан қырдағы малды қырып алмау үшін аудандарда жедел штабтар құрылды.

"Мұз басып кеткен қысқы жайылымдар бар. Жүдеген жабағы, тай мен күйін жоғалтқан жылқыларды иелері қораға қамап жатыр. Жем, шөппен көмектесеміз. Екібастұздың Ақкөл ауылдық округі тұрғындары бізге тікелей шығып көмек сұрады. Ертең 30 тонна бидай мен арпа жармасын соларға жібереміз." Қайырболат Байсаринов, Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Тибетте қатты жер сілкінісі болды