Елімізде жайылымдық жерлердің көлемі артады

Сурет: pixabay
Сенаторлар жайылымдық жерлердің көлемін арттыруға бағыталған заңды мақұлдады.

Құжат Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленіп, жайылымдарды басқару және пайдалануға қатысты заңнаманы жетілдіре түспек.

Бұдан былай "Көпшілік пайдаланатын жайылымдар" деген жаңа ұғым пайда болады. Халыққа ортақ жайылымды жерлер әр елдімекеннің айналасында болмақ, деп жазады qazaqstan.tv.

Әрі оларды ауыл шуаруашылығы жерлерінің басқа түріне ауыстыруға тыйым салынады.

Сондай-ақ, жекешелендірілмейді. Ауылдың жайылымды жерлерін ауыл әкімдігінің құзыретіне беру көзделген. Қазір ол аудандық әкімдіктерге қарайды.

Депуттар осы арқылы ауыл әкімдерінің құзыреті мен жайылымдық жерлердің тиімділігі артады дейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Бүгін – Қаллеки театры шымылдығын ашқан күн

Сенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды