Ұлытау облысындағы әлеуметтік мекеменің экс-директоры 3,5 жылға сотталды

Сурет: pexels
"Ұлытау облысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының" ҚММ бұрынғы директоры 3,5 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске сала кетейік, 29 еңбекке жарамсыз және күтімді қажет ететін қарттардың (бірінші және екінші топтағы мүгедектер) 32 млн теңге көлеміндегі зейнетақылары мен жәрдемақыларын жымқыру фактісін ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаменті тергеді.

"Сонымен қатар, ол 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы ақпанға дейін қызметтік бабын пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола тұра, мекеме қызметкерлерінің лауазымды жалған біріктіру туралы бұйрықтар шығарып, оларға 12 млн теңге көлемінде заңсыз ақша аударған." ҚМА баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотта әлеуметтік мекеменің экс-басшысы кінәсін мойындап, мемлекетке және қарттарға 44 млн теңгеден астам шығынды толығымен өтеген.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және ведомстволарда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды