Алматы облысы ТЖД құтқарушылары Қапшағай су қоймасында балықшыны құтқарды

Сурет: Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті
2024 жылғы 16 ақпанда сағат 08.52-де Алматы облысы ТЖД Қапшағай су қоймасының "Голубой залив" учаскесінің аумағыңдағы мұздың сынып, мұз үстінде 1949 жылы туған ер адам қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жіберілді.

Ер адам түнде балық аулауға келген екен. Таңертең мұз сынып, ол өздігінен жағаға шыға алмағандықтан, құтқару қызметіне жүгінді.


"Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы, 2 бірлік техникасы, жүзу құралдарының күшімен жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет емес." Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ер адам Алматы облысы ТЖД қызметкерлеріне өмірін сақтап қалғаны үшін үлкен алғысын білдірді.

Қалыптасқан тұрақсыз ауа райына байланысты және жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұқа мұзда жарақат алу мен адам өлімінің алдын алу мақсатында Алматы облысының ТЖД су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жұқа мұзға шығудан бас тартуға кеңес береді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр