Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар көбейді

Сурет: pixabay
Қарағанды облысында қаңтар айының басынан бері 51 адам коронавирус жұқтырған.

Соның 32-сі осы ақпанда тіркелген. Алайда, бұл өткен жылдың бастапқы екі айымен салыстырғанда 10 есеге төмен. Былтыр қаңтар,ақпан айларында коронавирус жұқтырғандар саны 600-ден асып кеткен еді, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір ел арасында инфекцияның 2 штамы жүріп жатыр. Олардың қаншалықты қауіпті екені белгісіз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы аптада әлемде 360 000 адам ауырып, 2000-ы қайтыс болған. "Сондықтан сақтанған жөн", - дейді мамандар.

"Жаңа штамдардың қаншалықты қауіпті екені белгісіз. Аурудың белгілері жедел респираторлық-вирустық инфекцияның белгілеріне тән. Тұмау сияқты басқа инфекцияларға ұқсас. Сондықтан диагнозды дәл анықтау үшін сіздерде тек зертханалық тексеру арқылы дәл анықтауға мүмкіндік болады." Жанна Рәшитова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі