ІІМ үш күнде мал ұрыларының 12 қылмыстық тобын құрықтады

Сурет: pixabay
Республиканың барлық аумағында ІІМ "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Операцияны жүргізуге 4 мыңнан астам полиция қызметкері мен ауыл шаруашылығы басқармаларының 400 маманы жұмылдырылды.

Ұрланған мал мен ет өнімдерін сату фактілерін анықтау үшін 3,5 мыңнан астам ет базарлары, павильондар және мал сою цехтары тексерілді.

Үш күнде 141 мал ұрлығы ашылып, 94 адам ұсталды. Оның ішінде 12 қылмыстық топ бар. 360-тан астам ұрланған мал басы табылып, иелеріне қайтарылды.


"Сонымен қатар ветеринария саласында 800-ге жуық құқық бұзушылық және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзудың 2 мыңға жуық фактісі анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, – деді департамент бастығы" – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі