Ұлытау облысында бірнеше шенеунік жазаланды

Сурет: freepik
Ұлытау облысының прокуратурасы прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды хабардар етпеу және прокурорлық қадағалау актілерінде көрсетілген заңдылықтың бұзылуын жою туралы шараларды қабылдамау фактілері бойынша 12 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

Қарау нәтижелері бойынша сотпен Ұлытау облысы әкімінің екі орынбасары, Жезқазған әкімі, Ұлытау ауданы әкімінің міндетін атқарушы, Жезқазған және Сәтбаев қалалары әкімдерінің орынбасарлары, білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы міндетін атқарушы әкімшілік жауапқа тартылды.

Кінәлі тұлғалар жалпы сомасы 1,5 млн теңгеге әкімшілік айыппұл төледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін