Петропавлдық профиліне террористік ұйымның туын қойғаны үшін жауапқа тартылды

Сурет: polisia.kz
Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғыны террористік ұйымының туын мобильді қосымшадағы өз аккаунтының профиліне фотосурет ретінде орналастырғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Бұл фактіні Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында анықтады.

Ер адам орналастырылған суретке Қазақстан Республикасының аумағында Астана қаласы сотының шешімімен тыйым салынған. Нәтижесінде мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзушы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ірі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елге экстремистік әдебиеттерді әкелу әрекетін тоқтатты, сондай-ақ интернет арқылы діни материалдарды заңсыз таратудың 5 фактісін анықтады. Тәртіп сақшылары діни мазмұндағы тыйым салынбаған ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттарды тек ғибадат үйлерінде, рухани білім беру ұйымдарында және арнайы белгіленген стационарлық үй-жайларда таратуға рұқсат етілгендігін еске салды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады