Ақтөбе облысында полиция жасырын есірткі қойып кетушіні қылмыс үстінде ұстады

Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысында полиция жасырын есірткі қойып кетушіні қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ақтау қаласының 25 жастағы тұрғынын есірткі қою кезінде ұстады.

Ұсталған азаматты жеке тінту барысында одан ішіне ұнтақ зат салынған 23 орама тәркіленді. Әрі қарай жалдамалы пәтерді тінту кезінде ұнтақ заты бар 18 орама табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың салмағы 42 грамнан асатын пирролидиновалерофенон (альфа-PvP) синтетикалық есірткісі. Бұл 600-ге жуық бір реттік дозаны құрайды.

Есірткі заттарын заңсыз сатып алу және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз