Қазақстан халқы бір айда 20 119 адамға өскен

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың 1 қаңтарынан 1 ақпанына дейінгі аралықты қамтитын адам саны өсіміне қатысты қызықты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ондағы есепке сәйкес, 1 қаңтарда Қазақстанда 20 033 546 адам өмір сүреді деп көрсетілсе, бір ай ішінде ел халқының саны 20 119 адамға өскен. Қазір 2024 жылдың 1 ақпанындағы есеп бойынша елімізде 20 053 665 адам бар.

Халқымыздың көп бөлігі мына өңірлерде тұрады:

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

Сондай-ақ, Қазақстан қалаларында 12 473 658 адам тұрады. Ал ауылдық жерлерде тұратындар саны -7 580 007.

2023 жылдың соңында Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары өздері әзірлеген демографиялық болжаммен бөлісті. Ондағы деректер бойынша, 2050 жылға қарай республика халқы шамамен 27,5 млн адамды құрайды деп күтіледі, олардың үштен екісі мегаполистер мен оңтүстік өңірлерде тұратын болады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: