Қарағанды облысында 15 тоннадан астам заңсыз балық аулау фактісі анықталды

Сурет: gov.kz
Қарағанды облысының прокуратурасы облыстағы балық айналымының саласына талдау жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішінара тексерістердің негізінде (ветеринариялық станциялардың рұқсаттары және аулаудың шығу тегі туралы анықтамалар бойынша) балық тасымалдау көлемінің 15 тоннаға асып кетуі анықталды.

Мысалы, облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы кәсіпорындардың біріне 19,4 тонна балық аулауға рұқсат берген.

Алайда, аумақтық Ветеринария басқармасы бұл кәсіпорынға 31 тонна балыққа анықтама беру жолымен балық тасымалдау көлемін 11,6 тоннаға арттырған.

Тағы бір компания 560 келі балық аулауға рұқсат алған, ал ветеринарлық анықтама 1,5 тоннаға берілген.

"Мұндай жағдайлар жануарлар әлеміне айтарлықтай зиян келтіреді, атап айтқанда балық ресурстарының азаюы. Қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Конституцияның 38-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары табиғи ресурстарды сақтауға және оларға ұқыпты қарауға міндетті".Қарағанды облысының прокуратурасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды