Жер сілкінісі салдарынан ғимарат зақымданса, қайда жүгіну керек

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімдігі жер сілкінісі салдарынан ғимараттың зақымдануы анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмін түсінідірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, аудандық әкімдіктер жанында ТЖД, МКК, аудандық сәулетшілер мен басқа да уәкілетті орган өкілінен тұратын комиссия тобы жұмыс істейді.

Құрылысқа қандай да бір зақым келген жағдайда қала тұрғындары фотоматериалдарымен қоса аудан әкімдігіне өтініш жазуы керек.

"Бұдан әрі комиссия мүшелері өтініш негізінде зақымдану деңгейін алдын ала анықтау үшін ғимаратқа көшпелі тексеру жүргізеді. Олар тірек құрылымдарының бұзылуының дәлелі ме, әлде төбелер, сылақ, плитка және қасбетті әрлеу сияқты әрлеу материалдарының элементтеріне қатысты ма екенін анықтайды", - делінген хабарламада.

Аудандық комиссиялардың барлық материалыy қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы жинақтайды. Содан кейін қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына жіберіледі.

Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты мамандары белгілі бір объектінің зақымдану себебі мен дәрежесі туралы қорытынды шығарады.

"Қалпына келтіру жұмысын қаржыландыруға қатысты айтылар болса, әлеуметтік нысандар бүлінген жағдайда барлық жөндеу жұмысы бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек. Көппәтерлі тұрғын үйлердің әрлеу элементтері зақымданған жағдайда жөндеу жұмысын кондоминиум қаражаты есебінен жүргізу қажет. Ғимараттардың тұтастығына қауіп төндіретін зақым анықталған жағдайда қалпына келтіру жұмысына қаражат мемлекеттік органдардың бюджетінен бөлінеді", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды