"Хабар" телеарнасындағы қоғам сынына ұшыраған ток-шоу жабылатын болды

Сурет: видео скрині
"Хабар" телеарнасындағы қоғам сынына ұшыраған ток-шоу жабылатын болды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды насихаттау Министрліктің басты міндеттерінің бірі.Өз кезегінде, 11 наурыздан бастап "Хабар" арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған "Бірақ..." бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатты", - деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.

Балаеваның сөзінше, мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуге тиіс еді.

"Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламау қажет еді.Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады", - деді Балаева.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда