Алматыда полицейлер коммуналдық қызметтерге қаланы қардан тазалауға көмектесіп жатыр

Сурет: ҚР ІІМ
Қалың жауған қарды тазалау кезінде патрульдік полиция полкі мен мамандандырылған батальонның 25 экипажы қар тазалау техникасына жол бастап жүрді.

Мақсат – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын азайту және азаматтарға қауіпсіз жағдай жасау.

"Сонымен қатар қаланың негізгі магистральдарында кешкі уақытта қозғалыс қолмен реттеу арқылы қамтамасыз етілді. Соңғы тәулікте қалада барлығы 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қаза тапқандар жоқ. Толассыз жауған қар қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатқаны анық: кептеліс пайда болып, көліктердің жолда жүруі қиындады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, көбінесе бұл құбылыстар жол қозғалысына қатысушылардың нашар тәртібінен туындайды: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар, қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрмет көрсетпейді, жаяу жүргіншілер дұрыс емес жерден жолдан өтеді. Осы факторлар жалпы жол жағдайына кері әсер етеді", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады. Сондай-ақ полицияда жолдың қателікті кешірмейтінін еске салды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

"Социс-А" ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады

Референдум: үшінші экзитпол нәтижелері жарияланды

Еуразиялық интеграция институтының экзитпол нәтижелері