Жаңатас тұрғыны Қайырымдылық күні баспаналы болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылы Наурыз мерекесін жаңа сипатта атап өтудің онкүндігі жарияланды.

Елімізде Наурыз мерекесі 14 наурыз Көрісу күні – Амал мерекесімен басталды.

Бүгінгі 15 наурыз - Қайырымдылық күні деп белгіленді. Бұл күн ел бойынша қайырымдылық жасауға, мұқтаж жандарға көмектесуге, мейірім мен иігілікті шараларды жүзеге асыруға арналды. 

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Бүгін Қайырымдылық күні Жаңатас қаласының тұрғыны, жалғыз басты ана Роза Жақсыпейілова баспаналы болды. Қаладағы көпқабатты үйден пәтер кілті табысталды. 

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Игілікті шараға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов және ардагерлер қатысып, қуаныш иесін құттықтады. 

Өз кезегінде баспаналы болған Роза Жақсыпейілова қуанышын жасыра алмай, бұл күтпеген тосын сый болғанын айтып, аудан басшыларына өз алғысын білдірді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: