Тарихшылар: Сарайшықта қазақтың 9 ханы жатыр

Сурет: wikimedia
Сарайшықта қазақтың 9 ханы жатыр. Шежірелі Атырауда өткен ұлттық құрылтайға қатысқан сарапшылар мен тарихшылар осылай дейді. Олардың арасында Қазақ хандығын қуатты мемлекетке айналдырған Қасым хан да бар.

Ұлы Жібек жолының бойында тұрған қала бір кездері айрықша геостратегиялық рөл атқарып қана қоймай, өркениет бастауы болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Тіпті, сол ғасырларда қалада су мен кәріз құбыры әр үйге тартылған. Бұл туралы келелі жиынға қатысқан Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров айтты.

Ол "Ақорда" бағдарламасына берген сұхбатында көне шаһарды қалыпқа келтіру міндетіміз деді.

"30 жыл бұрын осында келгенде Мұхтар Шаханов екеуіміз сол жақта көргенбіз. Сонда менің таң қалғаным сол Сарайшықтың тастарын қопарып жатқанда кәріз құбыры табылған. Мен ойлаймын қандай біздің халық дарынды болды. Мәдениет деген өте жоғары болып, бүгінгі күні қазақ халқы соны жоғалтпай әлі ұстап әкеле жатырмыз." Тоқтар Әубәкіров, Халық қаһарманы, Ұлттық құрылтай мүшесі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма