Алматыда әскери қызметшінің отбасында үшем дүниеге келді

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қарулы күштердің Райымбек батыр атындағы Алматыдағы десанттық-шабуылдау бригадасы ротасының старшинасы 3-сыныпты сержант Сейітжан Асылбековтың отбасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы қаласының перинаталдық орталығынан ол сүйікті жұбайы және үшемін: екі ұл мен бір қызын шығарды. 

Сейітжан мен Минира Асылбековтардың отбасында он бір жастағы қызы Диана өсіп келеді. Ұзақ уақыт бойы ата-аналар екінші баланың болуын армандаған. Енді күтпеген жерден Минара үшем дүниеге әкелді. Жұбайлар ұлдарға – Сұңқар және Заңғар, ал қызына – Сырғалым деп ат беріпті.  

"Әйелім үшемге жүкті екенін білгенде қатты таң қалдым. Менің де, оның да тұқымдарында егіздер бар, бірақ ешкімде үшемдер жоқ екен. Мен бақыттымын. Ішімнен ұл болса екен деп тіледім. Ойымдағым қабыл болып, бірден екі ұл, бір қыз өмірге келді. Енді осындай отбасымның алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын да сеземін", - деді 3-сыныпты сержант Сейітжан Асылбеков. 

Енді отбасы жатақханадағы бөлмеден кең пәтерге көшеді, ал сәбилерді қарауға әжелері мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметі көмектеседі. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі