Шымкентте 20 мыңға жуық азамат автокөлік салығын төлеуден жалтарып жүр

Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласында 20 мыңға жуық азамат өткен жылы өтелуі тиіс автокөлік салығын төлеуден жалтарып жүр. Олардың қазына алдындағы берешегі 1 миллиард теңгеден асады. Бұл мегаполистегі жалпы автокөлік иелерінен алынатын салықтың бестен бір бөлігі.

Борышкерлердің қарызын мәжбүрлеп өндіру үшін мемлекеттік кірістер органы полициямен бірігіп рейдтік шаралар ұйымдастыруда, деп жазады qazaqstan.tv.

Берешегі бар автокөліктер "Қорғау" жүйесі арқылы анықталып жатыр. Қарызынан уақтылы құтылмаған азаматтарға мәжбүрлеп өндіру, көлікті айыптұраққа қамау секілді шара қолданылады, - дейді мамандар.

"Есептелген салықтарды уақтылы төлемеген жағдайда кешіктірілген әрбір күн үшін өсімпұл есептелетінін хабарлаймыз. Салық берешегінің сомасы жеке сот орындаушылары 25 пайызға дейін өз қызмет ақысын алатын болады." Нұрлыбай Илишев, Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды