Астанадағы Райымбек батыр атындағы № 50 "Қазғарыш" мектеп-лицейі оқушыларының қатарына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қосылды.
"Көнеден келе жатқан бұл ұлттық аспабымыз халқымыздың жанын, оның дәстүрі мен мәдениетін бейнелейді. Ұлттың рухын көтеріп, даңқын асқақтатқан домбыра біздің баға жетпес байлығымыз бен ұлттық символымызға айналды. Біздің оқушыларымыз, олармен бірге балабақшалардың кішкентай тәрбиеленушілері, колледж студенттері ұлттық аспапта ойнауға қызығушылық танытатыны қуантады. Бүгінде еліміздің әр өңірінде бір мезетте күйлер мен танымал композиторлардың шығармалары шырқалды. Олардың туындылары арқылы біздің мәдени құндылықтарымыз ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Біздің өскелең ұрпақ осы киелі өнерді ұлықтауды лайықты түрде жалғастырады деп сенемін", - деді Ғани Бейсембаев.
Челлендж соңында министр мектептің 300 оқушысымен бірге халық күйін орындады. Мерекелік эстафетаға екі миллионға жуық қазақстандық бала қосылды. Ең кішкентайлары - Абай облысы, Семей қаласындағы "Бақыт" балабақшасының тәрбиеленушілері.