Аталған бейнефильмдердің режиссері – Kaz production кино орталығының директоры Елжан Жармұхамедов.
Бейнефильм жастарды парасаттылыққа, әділдікке, отансүйгіштікке және жемқорлыққа қарсы дағды қалыптастыруға тәрбиелейді. Басты рөлді танымал актер Рүстем Жаныаманов сомдайды.
Сурет: Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті
"Тәрбие лагері" бейнефильмі көрсетілімге шыққаннан бастап, аз уақыттың ішінде 1 млн-нан астам қаралым жинап, 2 мыңнан астам оң пікірге ие болды.
"Тәрбие лагері" және "Жеңімпаздар" толықметражды бейнефильмдері жастарды адалдыққа тәрбиелейтін, парасатты қоғам қалыптастыруда негізгі мәнге ие. Мемлекетіміз үшін, біз үшін, қоғамның, соның ішінде жастардың әділ және парасатты болуы өте маңызды", - деп атап өтті Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының бірінші орынбасары Д. Омаров.
Сурет: Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті
Бейнефильмдердің презентациясы жоғары оқу орындары мен мектептерің базаларында ұйымдастырылып, студенттер мен оқушылар назарына ұсынылды.
"Тәрбие лагері" бейнефильмі
"Жеңімпаздар" бейнефильмі