Түркістан облысында өзеннен өтпек болған көлік аударылып қалды

Сурет: pixabay
Түркістан облысында көлікпен өзенді кесіп өтпек болған үш адам ажал құша жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, оқиға Түркістан облысындағы Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының аумағында болған. Үш адам Хантағы өзенінен өтпек болған кезде көлік аударылып кеткен.

"21 наурыз күні кешке көліктің өзенде тұрып қалғаны туралы хабар келіп, оқиға орнына төрт құтқарушы жеткенде, көлік аударылып үлгергенін, ал жүргізуші мен жолаушылар арғы жағаға шығып кеткен. Қызметкерлер зардап шеккендерге көмектесіп, көлікті судан шығара алды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері.


Дер кезінде көмекке келген құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды. Зардап шеккендер Кентауға жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет емес болып шықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін