Алматыда бір жарым мыңнан астам адам "Тазару" жалпыұлттық эко-акциясына қатысты

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Наурыз мейрамына орайластырылған "Тазару" жалпыұлттық экологиялық акциясы барысында 427 текше метрден астам қоқыс жиналды, 83 бірлік техника пайдаланылды. Эко-акцияға барлығы 1500 астам адам қатысты.

Іс-шара қаланың барлық аудандарын қамтыды. Аудан әкімдіктері шанц құралдарын (қаптар, қолғаптар, тырмалар, күректер, бояулар, валиктер) ұсынды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Эко-науқан барысында Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы, Қарғалы және Тастыбұлақ өзендерінің жағалауы мен арналарының аумағында су айдындарын тазарту және іргелес учаскелерді қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өзендердің жағалау бөліктерін қоқыстардан, өскіндерден тазарту, қоқысқа арналған жәшіктерді, орындықтарды бояу, шағын сәулет нысандарын жуу жұмыстары жүргізілді.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы Түрксіб ауданының әкімдігімен бірлесіп Әуежай көлінің жағасында қаланың жасыл қорын сақтау және көгалдандыру мақсатында 100-ден астам ағаш отырғызды.


Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін