БҚО әкімі су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды өзі қадағалап жүр

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданындағы су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарға басшылық етіп, төтенше жағдайлар қызметімен бірге атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, 27 наурыз күні Сырым ауданында су деңгейі артып, елді мекендерді тасқын су басты.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев төтенше жағдай орын алған Сырым ауданына жол тартып, суға кеткен ауылдық елді мекен тұрғындарыдың қауіпсіз жерге көшірілуін қадағалады. Сондай-ақ, Сырым ауданың аумағында апатқа қарсы жедел штабтың отырысын өткізді.

Өңір басшысы түні бойы Төтенше жағдайлар министрімен байланыста болып, басқа облыстардан қосымша техникалар мен күштердің Батыс Қазақстандағы су тасқынының алдын алуға бағытталуын қамтамасыз етті.

Жергілікті сағат таңғы 5.00 ге дейін барлық жұмыстардың жүргізілуін толықтай қадағалады.

Нариман Төреғалиев аудан орталығындағы су деңгейінің түскеніне көз жеткізген соң, Қаратөбе ауданындағы апаттық жағдайды бақылауға жол тартты.

Қосымша ақпарат алдағы уақытта хабарланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды