Қазақстанға 85 миллиард теңгенің активтері қайтарылады

Сурет: primeminister.kz
2024 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды.

Комиссия отырысы жаңартылған құрамда өтті. Комиссияның жаңартылған құрамына "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ президенті Бану Ғаниқызы Нұрғазиева мен Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Советұлы Бәшімов кірді.

Отырыс қорытындысына сәйкес Комиссия келесідей шешімдер қабылдады. Жалпы көлемі 85 млрд теңгеден асатын заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы бірқатар келісімдер мақұлданды. Мемлекетке қайтару жоспарланып отырған активтердің қатарында Қазақстандағы және шетелдегі тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, ақшалай қаражат, компаниялардағы үлестер, қымбат зергерлік бұйымдар, 10 мың гектардан астам жер бар.

Сонымен қатар бұрын мемлекеттен "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң (бұдан әрі - Заң) субъектілерінің бірінің бақылауына заңсыз өткен құны 10 млрд теңгеден астам сомаға бағаланатын пайда болуы түсініксіз кәсіпорынды актив ретінде мемлекет кірісіне айналдыру туралы сотқа талап-арыз енгізу мақұлданды.

Комиссия шешімімен Заң субъектілерінің тізілімі екі жаңа тұлғамен толықтырылды, оларға қатысты Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті тиісті іс-шаралар қабылдайды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі жұмыстар күшейтіледі. Бұл ретте бизнеске қысым жасауға жол берілмейді. Мемлекетке қайтарылған барлық активтер әлеуметтік пайдалы мақсаттарға бағытталатын болады", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Комиссияның жұмысы жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады