Құтқарушылар тәулік бойы көмек көрсетуде

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Еліміздің су тасқыны болып жатқан өңірлерінде әскери қызметшілер тәулік бойы жұмыс істеуде. Олар жергілікті халықты қауіпсіз аймаққа эвакуациялап, гуманитарлық көмек жеткізуде. Сонымен қатар, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізіп, су бұрып және каналдарды тазартуда, деп хабарлайды Zakon.kz

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, су тасқынына қарсы іс-шаралар ТЖМ қызметтерімен және Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарындағы атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

27 наурыздан бастап авариялық-құтқару жұмыстарына 523 әскери қызметші, 47 бірлік техника, оның ішінде сегіз тікұшақ және әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды. Әскер авиациясының экипаждары 1325 адамды эвакуациялады, оның 374 – і балалар. Айтарлық, 150 рейспен көлемі 11 500 кг гуманитарлық жүк жеткізілді.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыдан Орал және Ақтөбе қалаларына ТЖМ 70 құтқарушысы мен салмағы 3 мың кг мүлікті тасымалдау жүзеге асырылды

Құтқару жұмыстарында 420 м нөсер кәрізі тазартылды, 200 тонна құм тасымалданды. Абай облысында бөгетті нығайту үшін Аягөз ауданының Мамырсу ауылына 2400 текше топырақ әкелінді, 540 м үйінді тұрғызылды.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Осы қарқында еліміздің әр аймағында құтқарушылар қызмет етуде.

Қазақстан
Ақтөбе
Орал
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді