1 сәуір - күлкі мен әзіл күні: аталмыш мерекені әлем елдері қалай атап өтеді

Күлкі күні әлемнің бірде-бір елінде ресми мәртебеге ие емес, бірақ көпшіліктің сүйікті мерекелерінің бірі. Zakon.kz бұл күннің тарихқа ену жолы мен есте қаларлық естеліктерін теріп шықты.

Күлкі күнінің пайда болуы жайлы аңыздар көп. Соның бірі, ежелгі гректер жер асты құдайы Аид Деметра құдайдың қызы - Прозерпинаны ұрлап әкетуімен байланыстырады, қанша іздесе табылмаған қыздың жер астынан шыққан дауысы жалған жаңғырық екен. Міне, сол көктем күнін алдау күні дейді гректер өз жазбаларында.

Сурет: flickr

1 сәуір - ешкімге сенбеңіз!

"Сәуір бойы-ешкімге сенбеңіз!"- бұл бір-бірімен ойнауға тырысқан адамдардың қолданатын ең танымал өрнегі. Көбіне-көп олар ешкімге зиян келтірместен, әсіресе, жұмыс арасында ойнайды:" сізді бухгалтер шақырады, өткен айда қосымша ақы төлеуді ұмытып кетіпті" немесе " бастық шақырып жатыр, сізге ашулы". Міне, осылай әріптестер өз арасында бой жазып, бір марқая күліп алады.

Әлем елдері күлкі күнін қалай атап өтеді:

Португалия: Бұл елде күлкі күні 1 сәуір емес, өйткені олар бұл күні ораза ұстайды. Португалиялықтар әдетте мерекені бір күн бұрын – бір-біріне ұн сеуіп атап өтеді.

Франция: Мұнда әзіл ретінде қағаз балықты адам арқасына жабыстырып кетеді және оны "сәуір балығы" деп атайды. Олай атау себебі, сәуір айында Францияның су қоймаларында жас балықтар пайда болады және олар оңай ауланатындықтан.

Үндістан: Үнді Холи мерекесін күлкі күнінің аналогы деп санауға болады. Олар оны 31 наурызда атап өтеді, бұл күні көңіл көтеру, әзіл айту, бір-біріне бояулар жағу және түрлі-түсті дәмдеуіштерді лақтыру әдетке айналған.

Сурет: freepik

Тарихты қалған қызықты оқиғалар:

Күлкі күнін БАҚ өкілдері де атап өтеді:

Аталмыш мерекені, ақпарат тарату сала қызметкерлері де атап өтеді.

Мәселен:

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: