Сазды су қоймасында су тасқынына байланысты құтқарушылар халықты эвакуациялауда

Сурет: pixabay
Ақтөбе іргесіндегі Сазда су қоймасында су ағынының артуы байқалады, сондықтан ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі эвакуациялауды бастады. Қазірдің өзінде 25 адам қауіпсіз жерге жеткізілді, оның ішінде 9 бала, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сазды су қоймасындағы су ағынының ұлғаюы нәтижесінде Сазды және Жіңішке өзендеріндегі су деңгейін азайту мақсатында, суды ағызудың жоғарылауту жұмыстары жасалуда. Бұл ретте өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін. ТЖД құтқарушылары азаматтарды жақын маңдағы ауылдардан алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 9 бала.

Оралда 2 сәуірден бері Деркүл және Шаған өзендеріндегі судың шекті деңгейден көтерілуіне байланысты кейбір тұрғын үйлер мен саяжайларды су басып жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Тұрғындар эвакуациялануда, құтқарушылар үрейленбеуді сұрады.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Рахмон Бірлескен мәлімдеме қабылдады