ШҚО-да прокуратура орман қорының 170 гектар мемлекеттік жерін қайтарды

Сурет: pixabay
ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мемлекетке орман қорының 169,7 гектар мемлекеттік жерін қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Өскемен орман шаруашылығы" КММ қызметінде тексеру нәтижелері бойынша, орман пайдаланушысы "Қазақстан Бипэк Авто" АҚ жалпы ауданы 150,7 га орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының талаптары бөлігінде орман пайдалану қағидаларын жүйелі түрде бұзғанын анықтады.

Сондай-ақ, уәкілетті органның келісімінсіз алаңы 19 га құрайтын учаскелерде құрылыстар салынған.

Орман пайдаланушы өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтамаған, өртке қарсы іс-шараларды уақтылы орындамаған, сондай-ақ, шаруашылық қызметін орман билетінсіз жүргізген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, сот шешімімен ауданы 169,7 га мемлекеттік орман қорының жер учаскелеріне ұзақ мерзімді орман пайдаланудың 13 шарты бұзылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр

Тоқаев пен түркі елдерінің басшыларына сақ аңшысы мен көне ескерткіштер көрсетілді