Түркістан облысының полициясы тұрғындарға 19 млн теңге шығын келтірген күдіктінің ісін сотқа жолдады

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының полициясы азаматтарға 19 млн теңге шығын келтірген алаяқтың ісін сотқа жолдады. Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 59 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті тұрғындардың сеніміне кіріп, кәсіппен айналысу үшін қолма-қол несие шығарып беремін деп алдын ала ақшаларын алғаны анықталды. Ол осындай жалған уәде беріп, 27 тұрғынды алдап үлгерген. 

Жәбірленушілерден 200 мың мен 1,5 миллион теңге көлемінде ақша алып, жалпы 19 миллион теңге шығын келтірген.

Күдікті ер адамның ісі сотқа жолданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды