Жұма күні еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
5 сәуірде Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Атырауда да түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында - тұман. Қостанайда да түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде - тұман. Петропавлда да түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп болжанады. Найзағай кезінде оңтүстік-шығыстын соққан желдің 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнап, қатты жел тұрады. Найзағай кезінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі деп болжанады. Павлодарда да түнде және таңертең тұман түседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Атыраулық ит Лакидің Америкадағы өмірі туралы не білеміз

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды